Атыраулық палуан самбодан әлем кубогінің иегері атанды

25-26 наурызда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде самбо күресінен Харлампиев атындағы әлем кубогі өтті.

Биыл оған 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додада атыраулық спортшы Айбек Абдилов 64 келі салмақта бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде ресейлік спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда қырғыз палуанын, ақтық сында өзбек спортшысын ұтты. Нәтижесінде, Айбек Абдилов Харлампиев атындағы әлем кубогінің иегері атанды

Айта кетейік, Харлампиев атындағы әлем кубогі 1980 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.