Жасөспірім күдіктімен бетпе-бет өз үйінің кіреберісінде кездескен. Белгісіз біреу баланы қарауылдап, ұялы телефонын беруін талап еткен.
Біз Ерасылдың қылығына шын жүректен сүйсінеміз. Ол өзінің батылдығымен және қайсарлығымен қаскөйдің бетін қайтарудан қорыққан жоқ. Баланың анасына батыл ұл тәрбиелегені үшін ерекше алғыс айтамыз, ол өз құрдастарына жақсы үлгі бола алады, – деді Алматының Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Полицейлер Ерасыл мен оның анасын Полиция департаментіне шақырып, оны болашақта полиция қызметкерлерінің қатарынан көргілері келетінін айтты.

Алматы қалалық Полиция департаментіне күдіктіні тез ұстап, баламның ұялы телефонын қайтарып бергені үшін алғыс айтамын. Шынымды айтсам, қылмыс тез ашылады деп ойлаған жоқпын, – деді Ерасылдың анасы Дамира Қожа.