Атырауда «Күй Қаршығасы» атты концерттік бағдарлама өтті

Шараға Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің және Нұрмахан Жантөрин атындағы облыстық филормония әртістері, Республикалық конкурстардың лауреаттары Ғибадат Тұрғалиев және Болат Долдашев, ҚР мәдениет қайраткері Маржан Төреханова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Аманжан Басқариев, Дина Нұрпейісова атындағы ұлт аспаптар оркестрінің әншісі Жұлдыз Сүндетқалиева мен күйшісі Жәнібек Жамиев қатысты. Қаршыға Ахмедияровтың шәкірттерінің бірі Айнұр Сакупова өнер көрсетті. 

Атырау күй

Қаршыға Ахмедияровтың туған күніне орай ұйымдастырылған шараға  туыстары да қатысты. 

Күй

Айта кетейік, алдағы уақытта Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына арналған бірнеше шараларды өткізу жоспарланған.