Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

9-класс оқушылары үш емтихан тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
  • өзге тілдерде оқитын кластарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын кластардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-класс оқушылары төрт емтихан тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
  • Қазақстан тарихынан тестілеу;
  • өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Еске салайық, бұған дейін оқушылардың төртінші тоқсанда қалай оқитыны хабарланған еді.