Оқушылардың төртінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды

Жаңа қаулыға бойынша 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

  • республиканың барлық өңіріндегі контингенті 300 оқушыға дейін қала және ауыл мектептерінде кластағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға; білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
  • тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде кластағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
  • тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 кластар, халықаралық мектептерде 1-7 кластар, мектепалды кластарының оқушылары үшін кластағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; оқу бітіретін кластар ( 9, 11 (12) кластар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ін штат режимінде, 30%-ін қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Айта кетейік, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.