26-28 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМҚ мамандары Қазақстанда екі циклон бірігетінін болжады.

Біздің еліміздің аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды. Олардың әсерінен барлық өңірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге алдағы үш күнде ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанып отыр.