Мақпал Исабекова Instagram парақшасын 1,5 млн теңгеге сатты

Мақпал Исабекова «Инстаграмдағы» аккауынтын сататынын осыдан бірнеше күн бұрын айтқан.

Ол бастапқы бағаны 1,5 млн теңге деп белгілеген еді.

«Неге бастапқы баға? Себебі, егер сіз бұдан көп ақша төлеймін десеңіз, мен тек қуанамын. Сіз  сол арқылы көмекке зәру адамға көмектесесіз. Бұдан жамандық іздемеңіздер, менің ниетім таза әрі адал»,-деп жазған әнші өз парақшасына. Мақпал Исабекованың парақшасына тіркелген адамдардың саны 1 млн адамнан асқан соң, әнші осындай ойға келген екен. «Миллион адам тіркелген парақшамды сатып, ақшаны қаражатқа зәру адамға беремін. Егер парақшам сатылып жатса, мен ол адамның атын айтып, өзін де көрсетемін. Бизнесі үшін тіркелушілердің саны көп парақша іздеген адамдар сатып алады деген үміттемін»,-деп жазған еді М.Исабекова.

Әншінің жазуынша, осы хабарлама жарияланғаннан бастап, 10 сағаттың ішінде сатып алушы табылған. Ол — астаналық ару.

Айта кетейік, әнші жаңа жылдан кейін жаңа аккаунт ашып, жаңа жазбалар салып тұратынын айтты.

Дереккөзtengrinews.kz