23 наурыз күні Нұр-Сұлтанда айлық нормадан артық қар жауды

Коммуналдық қызмет Нұр-Сұлтаннан 83 мың текше метр қар шығарды. 23 наурыздан 24-іне қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдар мен басқа да қоғамдық кеңістікті тазалауға 1200-ге жуық арнайы техника мен 200-ге жуық жұмысшы жұмылды.

24 наурызда қар күреуге 1500-ден астам арнайы техника мен 1800-ге жуық жұмысшы шықты.

Нұр-Сұлтанда үздіксіз, екі ауысымдық режимде, яғни кешкі және түнгі уақытта қар күреліп жатыр.

Жиналған қар елорданың 11 полигонына шығарылады. Полигондарды бақылау үшін камералар орнатылған.