Атырауда Роман Скляр жұмыс сапарымен болды

Атырау облысының ағымдағы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы баяндама жасады.

Махамбет Досмұхамедов

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік саладан бастап инфрақұрылым, экология, электр энергиясы, сумен қамту сынды өңірдегі ең өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Олардың нақты себептерін атап өткен аймақ басшысы проблемаларды шешуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Сондай-ақ ол кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты.

Роман Скляр

Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысының одан әрі дамуы мен салалардағы проблемаларды шешу үшін Үкімет тиісті қолдау жасауды қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ әр министрлік өкіліне жергілікті органдармен бірлесе отырып аталған мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды.