БҰҰ бас хатшысы: Биыл Наурыз рухы ерекше сезіліп тұр

Ұйым басшысы өзінің лебізін Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының ғимаратында көктемгі күн мен түннің теңелуіне орай өтіп жатқан іс-шарада бейнежазба арқылы білдірді.

Әр Наурыз жаңашылдықтың бастауын білдіреді. Былтыр Наурызды тойлау бұған дейін болып көрмеген ғаламдық індетпен тұспа-тұс келді. Ал биыл Наурыз рухы ерекше сезіліп тұр. Қазір қоғам мен ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық өте маңызды, — деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш.