Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамына орай қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы театрлар келесі аптада көрермендердің көзайымына айналған бірнеше қызықты қойылым дайындады.

«Музыкалық жас көрермен театры»

  • 21, 22 және 23 наурыз күндері «Абай – Тоғжан» драмасын көруге шақырады. Қойылым сағат 19.00-де басталады.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

  • 24 наурыз күні сағат 16.00-де С.Матвеевтің «Наедине с Пушкиным» моноқойылымы,
  • 26 наурызда сағат 11.00-де жас көрермендер үшін «Снегурушка» ертегісі,
  • 25 және 26 наурыз күндері кешке театр актерлерінің орындауында «Человек-подушка» қара детективі,
  • 28 наурызда «Дикарь.Третье слово» мелодрамасы көрсетіледі.

«Жастар театры»

  • 23 және 24 наурыз күндері «Іздеп тапым сені…» мелодрамасын,
  • 25 наурыз күні сағат 12.00-де және 14.00-де әртістер «Достық пен қулық» ертегісін,
  • 26 наурыз күні кешке «Диляфруздың төрт күйеуі» комедиясын көрсетеді.

«Қуыршақ театры»

  • 22, 23 және 24 наурызда «Наурыз туралы аңыз» ертегісін,
  • 26-28 наурыз аралығында «Ғажайып түс» ертегісін тамашалауға болады.

Nomad City Hall сахнасында 22 наурыз күні сағат 12.00-де «Алтыбақан аясында» мерекелік бағдарламасы қойылады.

«Наз» би театры да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырудан шет қалған жоқ. 21 және 22 наурызда шығармашылық ұжым Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп «Наурыз береке бастауы» атты концерт ұйымдастырады, — делінген хабарламада.

22 наурызда әртістер би қимылдары бойынша шеберлік сағаты, сонымен бірге «Мерекесі елімнің, қуанышы халықтың» атты қайырымдылық концертін өткізеді. Ал 25 наурыз күні Қаршыға Ахмедьяровтың 75 жылдығын мерекелеу аясында «Күй Қаршығасы» атты іс-шара өтеді.

22 наурызда астана тұрғындары мен қонақтарын оффлайн да, онлайн да өткізілетін кез келген талғамға сай бірнеше іс-шара күтеді, — деді қала әкімдігінен.

  • Бұл күні сағат 13.00-де «Астаналық цирктің» Instagram-дағы ресми парақшасында (https://www.instagram.com/astanalyqtsirk/) «Наурыз келді» цирк бағдарламасын, ал «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының (triumphal_arch_nur_sultan) аккаунтында – «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері – Беташар» тақырыбында бейнероликті, сонымен бірге онлайн-экскурсияны көруге болады.
  • «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориал-мұражай кешені» 22 наурызда «Төрлет, төрлет, Әз Наурыз» атты көрмені Facebook: Музей АЛЖИР; Instagram: museumalzhir; Youtube: Museum ALZHIR Astana әлеуметтік желілері арқылы көруге болады.
  • Бейбітшілік және келісім сарайында «Туған жер» балалар мен жасөспірімдер студиясының ұжымы Нұр-Әлем сферасында өтетін Наурыз мерекесіне арналған концертіне шақырады.

Ал Сәкен Сейфуллин мұражайы 24 наурызда онлайн бейнеэкскурсия өткізеді.

«Мемлекеттік академиялық филармониясы» Ғ.Жұбанова атындағы ішекті квартеттің «Под знаком Белы Бартока» концертін ұйымдастырады.

Тәуелсіздік сарайында 23-28 наурыз аралығында «Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар» көрмесін тамашалауға болады. Сонымен бірге «Бәйтерек» монументінде астана тұрғындары мен қонақтары үшін күнделікті экскурсиялар өткізіледі.

Қаланың «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» бір ай бойы Наурыз мерекесіне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған түрлі кітап көрмесін, байқаулар мен танымдық дәрістер ұйымдастырады.

Айта кетейік, іс-шаралардың санитария нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.