Өзбекстанда латынға негізделген жаңа әліпби жобасы талқылауға шығарылды

Жобада F әрпін – Ḡ ḡ, Ш ш әрпін – Ş ş, Ч әрпін Ç ç етіп таңбалауды ұсынған. Осылайша өзбек әліпбиі өзге түркітілді елдерде қолданылатын латынға негізделген әліпбиге барынша жақындады, — деп жазды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Жобаны талқылау 31 наурызға дейін созылады.

Өткен айда Өзбекстан үкіметі 2023 жылдан бастап өзбек әліпбиін латынға көшіруді біртіндеп жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған. Елде латын әліпбиіне көшу процесі 1993 жылы арнайы заң қабылданған кезде басталған.