Басты бетБастыДоллар бағамы...

Доллар бағамы 343 теңгеден асты

Бұл – 31 желтоқсандағы бағамнан 3 теңге 6 тиынға артық. Биржа мәліметінше, бүгін таңертеңгі саудада 91,6 миллион доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 341 теңге мен 345 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қарашаның басында Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалған еді. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген.

Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген еді. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы желтоқсанның ортасында 348 теңгеден асып, ең жоғарғы көрсеткішке жеткен болатын.

Дереккөзazattyq.org