Наурыз мейрамына орай мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті беріледі

Бұл туралы «Салиқалы ұрпақ» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мейрамы — табиғаттың оянуы, жердің гүлденуі, тіршіліктің жандануы, бейбітшілік пен береке тасуының нышаны. Осы мейрамның қуанышына ортақтасып отырып, науқан аясында Алматы және Алматы облысының аз қамтылған отбасыларына 1 500 азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

азық-түлік себеті, қайырымдылық
Фото: «Салиқалы ұрпақ» қорының баспасөз қызметі

Яғни, Болат Назарбаевтың қоры атынан әр отбасыға ет консервілері, түрлі дақылдар, ұн, май, кондитерлік өнімдер және тағы басқа дүниелер салынған, жалпы салмағы 50 килограммдық үш коробкадан тұратын азық-түлік себеті жеткізіледі.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл бізге оңай тимеді. Кыс та суық болды. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандағы мақсатымыз – қыстан, оның үстіне пандемиядан қиналған отандастарымызға қол ұшын созу”- деді «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабеков.

азық-түлік себеті, қайырымдылық
Фото: «Салиқалы ұрпақ» қорының баспасөз қызметі

Еске салайық, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры үшінші жыл қатарынан «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты жылдық науқан ұйымдастырып жатыр.

Халықтың әлеуметтік осал бөлігіне жататын 100 отбасы бір жыл көлемінде қор тарапынан азық-түлік тауарларымен қамтылып отыр. Соның арқасында, қарапайым халықтың қаражатын күнделікті ішіп-жемге емес, өзге де өмірлік қажетті дүниелерге жұмсауға мүмкіндік алады. Қазіргі  таңда қор 1 189 адамға 1 600-ден астам азық-түлік себетін таратып үлгерді, — делінген хабарламада.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қызметі туралы толық ақпаратты ресми сайтынан оқуға болады.