Олег Кузнецов (дәнекерлеу және газплазмакесуші жабдық баптаушысы) қайтыс болғаны жайлы өкінішпен хабарлаймыз. Компания басшылығы мен ұжымы әріптесіміздің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, — делінген хабарламада.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының баспасөз қызметі, қайтыс болған қызметкердің отбасына Қазақстанның заңнамасына және компанияның ұжым шартына сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау толық көлемде көрсетілетінін айтты.
Еске салайық, 11 наурызда Теміртаудағы ЖЭО-2 механика учаскесінің шеберханасында дәнекерлеу кезінде бояулы бөшке тұтанып, салдарынан екі адам күйіп қалған еді.
Оқиғаның себептері тексеріліп жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылды.
