Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Elbasy.kz

Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады, — делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сонымен бірге алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады.

Elbasy.kz сайтының хабарлауынша, телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болған.