COVID-19: Атырауда алғашқы полицей вакцинацияланды

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9-13 наурыз аралығында 895 адам вакцинацияланды.Оның ішінде 556 педагог, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік және 1 полиция қызметкері.

Айта кетейік, 5 наурызда Атырауға азаматтардың сегіз санаты үшін 2 000 доза «Спутник V» вакцинасы келді.