Түркістан облысындағы бірнеше елді мекен жарықсыз қалды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан өңірдегі Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандары мен Кентау, Арыс қалаларындағы кей елді мекенде электр тасымалдау желілері үзілді, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің хабарлауынша, түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің жедел-құтқару жасағы зақым келген электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр.

Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған. Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органның қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы әзір, — делінген хабарламада.