Әлеуметтік желіде Алматы әуежайының маңында ұшақ құлады деген хабар тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға әуежай маңындағы Қызылту ауылының маңында болған.
Алматы әуежайының баспасөз қызметінің алдын ала ақпаратынша, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің АН-26 әскери ұшағы қону кезінде құлаған.
Бортта 6 адам болған. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті, — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау департаментінің ақпаратынша, ұшақ аптынан төрт адам қаза тапты.
Алдын ала ақпарат бойынша, төрт адам қаза тапты, екеуі жарақат алды. Олар Іле аудандық ауруханасына жіберілді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.
Төтенше жағдайлар министрлігі де төрт адамның қаза болғанын хабарлады.
№4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі әскери ұшақ апатынан екі адам зардап шеккенін, екеуі де жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.