Ауа райы: Қазақстанда алдағы үш тәулікте аяз болады

Алдағы күндері Қазақстан аумағының көп өңірі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ауа температурасының төмендеуімен қатар жауын-шашын да мол түседі. Демалыс күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, желдің күшеюі, көктайғақ болады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер сонымен бірге республика бойынша кей жерлерде тұман түсетінін хабарлады.