Елімізде 1-класқа құжат қабылдау сәуірде басталады

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған.

Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ал мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен бірге педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

  • Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото

Министрлік өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылатынын хабарлады.