АҚШ-тың Патенттер және сауда белгілері бюросы бекіткен құжатта смартфонның бір уақытта екі оператор желісінде бірдей жұмыс істейтіндігі көрсетілген. Бұл технология құжатта Dual SIM Dual Active (DSDA) деп аталған. Өндіруші мұндай смартфонды биыл шілдеде патенттеген болатын.
Сонымен қатар Apple компаниясының 2017 жылы нарыққа бірден үш модификацияны ұсынатыны айтылып жатыр.