Рекс Тиллерсон АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы

Рекс Тиллерсон 64 жаста. Ол Остиндегі Техас университетін тәмамдаған. Тиллерсон өмірінің қырық жылға жуық уақытын ExxonMobil-ге арнаған. Алғашқыда қатардағы инженер ретінде жұмысқа келген ол 1990 жылдары компанияның Ресейдегі жобаларымен айналысты.

Мамандардың болжауынша, Тиллерсонның мемлекеттік хатшы болуы АҚШ-Ресей қатынасын жақындастырмақ. Себебі ол бұрын Ресеймен тығыз әріптестік орнатып, 2013 жылы тіпті Ресейдің «Достық» орденімен марапатталған еді.

Айта кетейік, Тиллерсоннан бөлек бұл қызметке президенттікке бұрынғы үміткер Митт Ромни, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Джон Болтон, сенатор Боб Коркер, ҚХР-дағы бұрынғы елші Джон Хантсман, сенатор Джо Манчин, БТБ (ЦРУ) Дэвид Пэтрэус, саясаткер-республикандық Дану Рорабакер және отставкадағы адмирал Джеймс Ставридисті үміткер болған.

Бұдан бұрын америкалық басылымдар Дональд Трамптың аталмыш лауазымға үміткер ретінде  ауғанстандық Залмай Халилзаданы жөн көріп отырғанын жазған еді. 

ДереккөзҚазАқпарат