Басты бетҚоғамҚар және...

Қар және жаңбыр: көктемнің алғашқы күндеріндегі ауа райына болжам

Синоптиктердің мәліметінше, кезекті Атлантика циклоны Қазақстан аумағына ауысуынан ауа райы әлі де қарлы болады.

Алдағы үш тәулікте атлантикалық циклон Қазақстанға қар мен жаңбыр әкеледі. Сонымен бірге солтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман түседі, жел күшейеді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 27 ақпан мен 1 наурыз күндері Солтүстік-Батыс циклоны келуімен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтерілетінін хабарлаған едік.