Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Солтүстік-Батыс циклоны келуімен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Батыс өңірлерді қоспағанда күндізгі ауа температурасы оң мәндерге дейін жетеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында 25-27 ақпан күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, аяз болатынын хабарлаған едік.