Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

8 наурызға байланысты демалыс

Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлай алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күн жұмыс істейтіндер үшін).

Аптасына алты күн жұмыс істейтін отандастарымыз 7-8 наурызда демалады.

22 наурызға байланысты демалыс

Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбіге түсіп тұр, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады.

Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күн жұмыс істейтіндер үшін).

Алты күн жұмыс істейтіндер 21, 22, 23, 24 наурызда демалады. Жұмысқа 25 наурызда шығамыз.