Басты бет / Жаңалықтар /
Ан2, Алматы облысы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облысында шұғыл қонған АН-2 ұшағы: оқиға орнынан суреттер пайда болды

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техника, «Боралдай» авиация қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

Ұшақта экипаждың 2 мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, — делінген хабарламада.

 

Ан2, Алматы облысы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ан2, Алматы облысы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұған дейін АН2 ұшағының Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге  шұғыл түрде қонғанын хабарлаған едік.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram