Руслан Тапашев: Әскерден жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Бұл туралы Қазақстанның Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бағытының аға офицері Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Бізде қазір әскерге күштеп әкету деген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасы 18 бен 27 жастағы азаматтар мерзімді әскерге шақырылады. Мерзімді әскери шақыртуды кейінге қалдыру негіздері болмаған жағдайда барлық азамат шақырылады. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — деді Руслан Тапашев.

Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметке азаматты шақыру шешімі қала немесе аудандағы жергілікті атқарушы органымен құрылған әскери комиссия шешеді.

Әскерге шақырушының қызметтік борышын өтемеу бойынша  себептерін назарға алады. Прокуратура органдары да әскери қызметке шақыру заңдылығын назарда ұстайды, — деді ол.

Көктемде басталатын әскерге шақыру науқанын кезінде 18 бен 27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан аса адам борышын өтеуге шақырылады.

Еске салайық, бұған дейін әскери қызметтен кімдер босатылатынын және кімдерге кейінге қалдыруға болатынын жазған едік.