Азия Континенталь әуекомпаниясының Ан2 әуе кемесінің Боралдай — Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды.
Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген министрлік хабарламасында.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.