Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Мешіт ауыл тұрғындарының өтініші бойынша жергілікті кәсіпкерлер қаражаты арқылы салынады. Жоспар бойынша бір жылда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеді.

Тәуелсіздік жылдары руханиятымыздың өзегі қайта жанданды. Дәстүрлі дініміз дәріптеліп, аясы кеңейіп келеді. Соның жарқын көрінісінің бірі – бүгін іргетасы қаланып жатқан Еркінқала ауылында бой түзейтін 500 орындық мешіт. Алла үйі — әрқашан жақсылық пен ізгіліктің алтын ұясы. Жамағаттың жарыса жетіп, жанына руһ алатын жаймашуақ мекені. Мейірімділік, кішіпейілділік пен жомарттық сынды игі қасиеттерге шақыратын бірегей орын. Бастама құтты болсы! Халықтың игілігіне жарап, иман ордасына айналсын! Руханиятымыз кемелденіп, еліміздің ынтымағы мен бірлік-берекесі арта берсін!- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт тек ғибадат орны емес, салт-дәстүрді, елдің бірлігін, ынтымағын насихаттайтын қасиетті орын екенін айтты.

Мешіт тек дінді насихаттайтын ғана емес, қайырымдылық жасайтын орталыққа айналғаны белгілі. Сондықтан бұл мешіт те халыққа зор пайдасы тиер орын болады деген сенімдеміз. Қазақта «азаны бар ел азбайды» деген сөз бар, ендеше бес уақыт азан айтылып тұратын, Аллаға құлшылық ететін халықтың ынтымағын насихаттайтын орынның жұмысына сәттілік берсін! — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мешіттің ішінде құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары мен дәрісханалар болады, сондай-ақ жанынан асхана мен имамның үйі салынады деп жоспарланып отыр.

Еске салайқ, бүгінгі таңда Атырау облысында 34 мешіт жұмыс істееп жатыр.