Басты бетЭквадор түрмелеріндегі...

Эквадор түрмелеріндегі тәртіпсіздіктен 60-тан аса адам қаза болды

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 62 тұтқын тәртіпсіздік құрбаны болған.

Эквадор президенті Ленин Морено Twitter-парқшасында зорлық-зомбылықтың артында қылмыс топтары тұрғанын жазды.

Прокуратура Гуаякильдегі жағдайды бақылауға алған полиция тұтқындар камераларынан атыс қаруын, пышақтар мен ұялы телефондарды тәркілегенін хабарлады.

Эквадор, полиция
Фото: Reuters

Түрмелерде қаза тапқандардың бәрі тұтқын. Полиция қызметкерлері арасында қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер себебі есірткі саудалайтын бандалар арасындағы күрес.

Эквадор, полиция
Фото: Reuters