Басты бетҚоғамЖамбыл облысындағы...

Жамбыл облысындағы 5 баланың қазасы: өртке сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Мен анасының бес баланы, соның ішінде жеті айлық сәбиді қалдырып, үйден шығуына не себеп болғанын толық білмеймін. Маңызды себептер болған да шығар, бірақ сонда да қайғылы жағдай болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, көпқабатты үй орталық жылыту жүйесіне қосылған.

Пеш жоқ. Жылу орталықтан келеді, батарея сынды электр пеші мен майлы радиаторлар болмаған. Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың тұйықталуы да анықталған жоқ. Бұл төмен калориялық от көзі болуы мүмкін. Бұл балалардың от аспаптарын абайсыз қолдануы, мүмкін сіріңке немесе оттық, —  деді Юрий Ильин.

Төтенше жағдайлар министрі нақты себеп анықталып жатқанын айтты.

Еске салайық, 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза болды. Олар – кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған балалар.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуінен болған.

Одан кейін Жаңатастағы өртенген пәтерің көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Жерлеу рәсімін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған. 22 ақпан күні демеушілер тарапынан қаза тапқан балалардың ата-анасына Жаңатастан үш бөлмелі пәтер берілгені хабарланды.