Басты бетЧехия тұрғындары...

Чехия тұрғындары бірден екі маска тағуға міндеттелді

Бұл туралы Tengritravel.kz жергілікті Expats.cz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Чехияның денсаулық сақтау министрі Ян Блатны енді ел тұрғындарына дүкендерде, қоғамдық көліктерде және ауруханаларда FFP2 респираторларын тағу міндетті болатынын айтты.

Чехия билігі бұл шешімді елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына және ұлыбританиялық штамның тарауына байланысты қабылдады.

Кейінгі бірнеше күнде Чехияда COVID-19 жағдайы одан әрі нашарлады. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындар FFP2 типті респираторды немесе бірден екі хирургия маскасын тағуы керек. Мата бептерделер енді қорғаныс құралы саналмайды, — деді министр.

Чехия, коронавирус, пандемия
Фото: iStock AnanR2107

Сонымен бірге өнеркәсіп және сауда министрі Карел Гавличек Чехия үкіметі барлық бөлшек сауда дүкеніне жұмысын қайта бастауға рұқсат бермегенін, өйткені елдегі коронавирус жағдайы тұрақсыз екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік қашықтық қатаң сақталатын кей дүкендер ғана ашық.