Байқоңырда жоғалған екі баланың біреуі өлі табылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді.

Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз, — деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу қалай жүріп жатқанын Facebook-тегі парақшасында жазды.

Іздеу жалғасып жатыр. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарап жатыр. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және тексерілмеген мәліметке сенбеуге шақырамыз, — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланды. «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

ДереккөзTengrinews.kz