Қазақстан БАӘ мен Түркияға әуерейстері санын көбейтті

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«SCAT» авиакомпаниясына 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап аптасына 8 халықаралық рейсті орындауға рұқсат етілді. Әуекомпания ұшақтары Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалалары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-эль-Хайм қаласы арасында ұшады, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен бірге Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуекомпаниясы Алматы мен Анталия арасында қосымша 2 рейс орындайтын болды.

Айта кетейік, ұшаққа отыру үшін жолаушыларда COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі болуы керек.