Илон Маск қоршаған ортаны тазарту технологиясын жасағанға 100 миллион доллар беруге уәде берді

Көмірқышқыл газын ұстаудың ең жақсы технологиясын жасағандар үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін, — деп жазды Маск Twitter-де.

Ол осы ұсыныс туралы толығырақ келесі аптада айтуға уәде берді.

Ұстау дегеніміз — көмірқышқыл газын өнеркәсіптік және энергетикалық көздерден бөлу және оны атмосферадан ұзақ мерзімге оқшаулау процесі. Көміртекті ұстаудың негізгі мақсаты — күннің жаһандық жылынуы мен қоршаған ортаның ластануымен күресу.