Президент Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Көңіл айту жеделхаты Ақорданың сайтында жарияланды.

Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 15 ақпан күні ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының баспасөз қызметі естіртті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да