Ертең таңертең 9.00-9.30-да өтінім берген алғашқы адамды білеміз деген үміттеміз. БЖЗҚ өтінімді екі күн қарайды, содан кейін бес жұмыс күні ішінде оған арнайы шотқа ақша түседі. Осы бағдарламаның нәтижесі ретінде ақпанның алғашқы аптасында, есепшотына ақша түскен адамдар келісім берсе, олардың есімін атай аламыз, — деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ, ол ақпараттық қауіпсіздік мақсатында порталға Қазақстаннан тыс елден кіруге шектеу болатынын атап өтті.
Алдымен қазір Қазақстан жерінде тіркелген ІР-адрестерге қызмет көрсетіледі, — деді банк басшысы.