Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина қалай салынады?

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдыру туралы айтты. Оның сөзінше, оған Алматының барлық емханасы жұмылдырылады.

«Вакцина салатын медбикелер оқудан өтті, бірақ қауіпсіз иммунизацияға қатысты тесттен тағы да өтеді. Одан бөлек, бұл жұмысқа терапевттер жұмылдырылды. Қазір ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы тізім жасап жатырмыз. Ең алдымен дәрігерлер, педагогтер мен полиция қызметкерлері вакцинацияланады. Олардың кейбіріне денсаулық жағдайына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайды, мысалы аяғы ауыр әйелдерге, — деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, бүгінде тоңазытқыш ыдыстар дайын, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдап алу үшін жеткілікті.

Оған тек бірнеше медұйым емес, Алматының барлық емханасы жұмылдырылады, — деді Жандарбек Бекшин.