Алексей Цой оқушылардың қандай жағдайда дәстүрлі оқу форматына оралатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқу форматына қашан орала алатыны туралы сұрақ қойылды.

Біз күнде бақылау жүргізіп отырмыз. Біз үшін желтоқсан мерекелері мен жаңа жылдан кейінгі деректерді, сондай-ақ алдағы екі аптадағы кезеңді өлшеу маңызды. Осының негізінде жағдайдың одан әрі дамуын түсініп, КВИ бойынша шараларды әлсірету немесе күшейту туралы шешім қабылдаймыз, — деп түсіндірді министр.

Денсаулық сақтау министрі мерекелерден кейін науқастар саны көбеюі мүмкін екенін атап өтті.