Бұл туралы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Виктор Христенко ресми мәлімдеген болатын.
«2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болады және соған сәйкес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарады», – деді В.Христенко.
Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы жұмысына кіріседі.