Басты бетҚоғамЖоғары сот пен аудандық соттың судьялары ұсталды

Жоғары сот пен аудандық соттың судьялары ұсталды

Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 11 ақпан күні Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот судьясы ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде ұсталды. Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы да ұсталған.

Жоғары соттың баспасөз қызметі тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да