Басты бетМедицинаЕлімізде 65...

Елімізде 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынуы мүмкін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты көптеген сұрақ келіп жатыр. Министрлік созылмалы ауру, аллергиялық реакция, басқа да қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, осы санатты вакцинациялау жоспарына енгізу мәселесін қарастырады,- деді министр.

Ведомство басшысы сонымен бірге бүгінге дейін 13 301 адам вакцина салдырғанын айтты.

Вакцинацияны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алып жатыр. Одан кейін қатарға педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылады, — деді Алексей Цой.