Қар 9 ақпан кешкі сегізден бастап жауған.
Алматы әкімдігі көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, көшелерге, жолайлықтарының кіреберістеріне көктайғаққа қарсы материалдар себілгенін хабарлады.
Түнде патруль машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылған.
Қалада қар тазалау жұмыстарына 557 техника бірлігі, оның ішінде 221 құмлақтырғыш, 676 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 3340 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды, — делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Аудан әкімдіктерінде тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. 10 ақпан таңнан бастап 552 техника мен 1 890 жол жұмысшысы қар тазалаумен айналысып жатыр.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақты, жаяу жүргіншілер көпірін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары әлі де жалғасады.