Қазақстанда былтыр жемқорлық үшін 150-ден астам басшы жұмыстан шығарылды

Бұл туралы ішкі істер министрлігі ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Саданов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты 51 полиция бастығы жұмыстан шығарылған.

Сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі 106 бастық қызметінен босатылды. Олардың төртеуі — басқарма басшысының орынбасары, 24-і облыстық басқарма бастығы мен олардың орынбасарлары, 39 қала басшысы, аудандық билік және басқалары, — деді Арман Саданов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Садановтың айтуынша, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін басшылық жауап береді.

Айта кетейік, 2020 жылы елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстары 5% төмендеді.