«Қазгидромет» Шымкент пен бес облыста дауылды ескерту жариялады

8 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ болады, тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 8 ақпан таңертең Маңғыстау облысында көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 23 м/с болады.

8 ақпан күні Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 25 м/с жел соғады. Шымкентте де күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел тұрады.