Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қыста жолға шығар алдында:
- Ауа райы болжамын бақылаңыз;
- Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Оны 1403 бірыңғай телефон нөмірі мен «112» құтқару қызметінен, сонымен бірге «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен дауылды ескерту туралы ресми хабарлама келген жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
Шұғыл қызметтер автомобильдерді лек бойынша ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:
— жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
— шұғыл қызмет белгілеген ілесіп жүруге арналған жылдамдық режимді сақтаңыз;
— өткізу пунктінен шыққан автомобиль артынан ілесіңіз;
— алдында келе жатқан автомобильмен арадағы қашықтықты сақтаңыз;
— алдағы автомобильдерді басып озуға болмайды;
— айналадағы қозғалысқа баса мән беріңіз.
Төтенше жағдайлар министрлігі осы қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін төтенше жағдайдың болмауына көмектесетінін айтты.
Еске салайық, 7 ақпанда Қазақстанның сегіз өңірінде жол жабылды.