Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге Жеңіс Елемесов пен Ұлан Раисов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтар күні Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Агенттік төрағасы қызметіне Жанат Элимановты тағайындады.
Жаңадан құрылған агенттік президентке тікелей бағынады және есеп беретін мемлекеттік орган болады.