Коронавирустың таралуы бойынша төрт өңір «қызыл» аймақта

Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Бұл өңірлерде карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлері «жасыл» аймақта. Мұнда коронавирус бойынша ахуал тұрақты, шектеу шараларын босаңсытуға болады.

коронавирус, матрица

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 161 жағдай тіркелді, 1 195 адам жазылып шықты, 3 науқас қайтыс болды.