Басты бетҚоғамПрезидент: Вакциналау...

Президент: Вакциналау шығынының барлығын мемлекет көтереді

Қазақстан президенті Twitter-дегі парақшасында халықты вакциналауға кететін шығынның барлығын мемлекет көтеретінін айтты.

1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығынының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын, — делінген президент жазбасында.

Тоқаев, вакцинация
Жазбаның скрині

Айта кетейік, 1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу шарасы басталды. Қазақстандықтарға ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіліп жатыр.

Екпе әуелі дәрігерлерге, полицейлерге, педагогтарға, студенттерге, сонымен бірге созылмалы аурулары бар адамдарға салынады.